08 Желт 2023
Новости KZ КГКП Ясли-сад "Балауса-Балғын"

КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайында «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті

Мақсаты: Әлеуметтік жағдайы төмен отабасыларға, жартылай жетім балаларға қаржылай және материалдық көмек көрсету.

Қайырымдылық акциясына бүлдіршіндеріміз де өз үлестерін қосып, әсем әндер айтып, көңілді билерімен, көз тартар қойылымдар қойып, өнерлерін ортаға салды. «Жетім көрсең жебей жүр» деп дана халқымыз айтқандай, балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге ат салысқан, ыстық ықылас пен аялы алақандарын созып, балғын бөбектерге мейірімділік пен жомарттық танытқан барлық топтың ата-аналарына алғыс білдіреміз.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар