28 Қаң 2025
Страницы КГКП Ясли-сад "Балауса-Балғын"

Құзіреттілік орталық

14 ақпан күні Тұғыл ауылы КМҚК «Жасұлан» бөбекжайында құзыреттілік орталық және мобильді топтың жоспарына сай Тарбағатай ауданы бойынша мемлекеттік және жеке меншік балабақша тәрбиешілері мен даярлық сынып тәрбиешілерінің қатысуымен «Digital Kazakstan» жаңа замандағы білім беру: "Жасанды интеллект заманы" тақырыбындағы тәжірибелік алаң өтті. Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асыруда мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. Тәжірибелік алаңда КМҚК "Балауса-Балғын" бөбекжайы" психологы Шомбинова Сауле "Мектепке дейінгі ұйымда жасанды интеллект түрлері қолданудың тиімділігі", "Ай-Тұмар" жекеменшік балабақша тәрбиешісі Шапатова Жансая "Жасанды интеллектіні қолдана отырып, ұлттық ойынды дәріптеу", Абай атындағы орта мектебінің даярлық сыныбының тәрбиешісі Набиева Алтынгуль "Жасанды интеллекті ҰІӘ қолдану", "Жетіарал мектеп балабақша" кешені" КММ Нугуманова Айнур "ҰІӘ қорытындылауда қолданылатын рефлексия түрлері", "М.Әуезов атындағы мектеп интернат колледжі" КММ Мухамадиева Айгул "МАД сыныбында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану" тақырыптарында шебер сыныптар көрсетті.


Атауы Жүктеу
1 Құзіреттілік орталық бойынша атқарылатын жұмыстардың жоспары 2024 - 2025 оқу жылы PDF

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар