Түйіндеме
|
|
Аты-жөні: Шагиева Гаухар Нигметжановна Туған күні: 02.03.1975 ж Отбасылық жағдайы: тұрмыста Мекен-жайы: Ақжар ауылы. Жамбыл көшесі № 23/2 Телефон: 87711793240 Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Лауазымы: Тәрбиеші |
|
Білімі: |
1. Өскемен қаласы. Пед колледж 2. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті |
|
Жұмыс тәжірибесі: |
1994-2022 жыл КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайы» |
|
Жетістіктері: |
·«Жыл маманы-2015» Халықаралық сертификат. Астана. ҰБР (Ұлттық бизнес рейтингі) ·«Ертеңгілік жаттығу кешені» ( денсаулық саласы бойынша көмекші құрал) 2019 жыл. ·«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Алғыс хат. ·«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігн дамыту» 2019 жыл ·«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұныны жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» 2019 жыл 08 желтоқсан «Өрлеу» БАҰО» № 0257907 ·«Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту қызметі мен тәрбиелеу үрдісінің сапалы нәтижесіне жетудегі-инновациялық технологияларды енгізудің тиімді түрлері» тақырыбындағы облыстық тәжірибе алмасу семинарында Шығыс Қазақстан Облысының Білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының Алғыс хаты 2019 жыл ·«Ұстаз тілегі»республикалық ғылыми әдістемелік орталығының «Үздік тәрбиеші»тәрбиешілер арасында олимпиада. 3 дәрежелі диплом. 2020 жылы ·«Ustaz tilegi»Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында Білім беру саласы: «Денсаулық»Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: «Денешынықтыру»Тақырыбы: «Күзгі өнімдерді жинау»оқу әдістемелік материалды жариялағанын растайтын сертификат. 2020 жыл. ·«KEMEL» өнер-білім орталығының ұйымдастыруымен балабақша және мектеп оқушылары арасында «Ғажайып қыс» атты республикалық байқауынан диплом. 2021 жыл. ·«Бір өлеңі-бір елдің мұрасындай» атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауынан Құрмет грамотасы. 2021 жыл ·Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағынан Құрмет грамотасы. 2021 жыл ·«Жасөсірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие берудегі қол жеткізген жетістіктері және кәсіподақ ұйымының жұмысына белсене қатысқаны үшін» Құрмет грамотасы 2021 жыл ·КМҚК «Балауса-Балғын» бөбекжайының 55 жылдығына орай «Үздік іс-тәжірибе жинақтары» атты журнал. 2021 жыл ·Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Тарбағатай ауданы бойынша білім беру бөлімінен мадақтама. 2022 жыл. ·«Балабақшада дене тәрбиесі пәні арқылы балалардың физиологиялық дене бітімдерін дамыту жаңаша әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинарда аудандық білім бөлімінің басшысының мадақтамасымен марапатталды. 2022 жыл. · Мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдағы менеджмент практикасы: балаларды дамыту бағдары» біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курс оқығандығы туралы сертификат. 2022 жыл ·«Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбындағы облыстық слётке қатысқаны үшін сертификат. № 1792. 2022 жыл. ·«Еңбек заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс-жүргізуді мемлекеттік және орыс тілдеріне жүргізу» тақырыбындағы семинарға қатысқаны үшін сертификат. № 000984. 2022 жыл. ·Білім саласына қосқан зор үлесі үшін ШҚО әкімдігінің Алғыс хаты. 2022 жыл. |
|
Кәсіби дағдылары: |
Ұйымдастыру, жетекшілік қабілеттілігі; Қазіргі заманғы оқу әдістерін қолдану. |
|
Жеке қасиеттері: |
Жауапкершілік, еңбекқорлық және шыдамдылық |
|
Компьютерді игеруі: |
Microsoft Office, фаворит, интернеттің кез-келген браузерімен жұмыс жасау. |
|
Тілді білуі: |
Ана тілі - қазақ тілі, орысша – ағылшынша сөздікпен. |
|
Құштарлығы: |
Спорт, хореография. |

https://sad-balausa.tarb-raioon.edugov.kz/kz/b-l-b-ksh-me-gerushisi-balausa.html#sigFreeId72f652301e
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда өзін-өзі қаржыландыру, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Ақжар ауылындағы 1-4 бастауыш сынып оқушыларын қамтитын музыка мектебінің филиал сыныптары (қобыз, домбыра, фортепиано), қонақ үйі, дәмхана, тігін цехы, наубайхана, ұстахана, шаштараз, ақылы ағылшын, ЭЕМ , би т.б үйірмелер ашылды.
![]() |
![]() |
|
Кіші тігін цехы. Солдан оңға қарай Тігіншілер Китанова А, Нұрбекова К, Смағұлова Т. |
Шағын наубайхана аспазшы Бұтабаева Н. |
Нарық заманының қиыншылықтарын еңсере білген кішкене мекеменің қажырлы еңбегі жоғары бағаланып, «Ақшам» телеарнасында берілетін «Ауыл тынысы» бағдарламасынан ұжым еңбегінен көріністер көрсетілді.
Республика көлемінде нарықтық қатынастар жағдайында мектепке дейінгі тәрбие бойынша қазақ балалар бақшасы үшін әдістемелік бағдарламалар жеткіліксіз болғандықтан меңгерушінің бастамасымен педагогикалық ұжым бүлдіршіндерді оқыту-тәрбиелеуде диагностикалық зерттеулер, оқу-тәрбие жұмысының айлық, апталық жоспарлау үлгілері, мекеменің шаруашылық есептегі іс жүргізу, есептік құжаттар үлгісі жасалуы, облыстық деңгейде неше дүркін іс-тәжірибе тарату мақсатында семинар өткізді. Семинарға облыстың дерлік бар аудандарынан мектепке дейінгі тәрбие педагог-қызметкерлері қатысты.
![]() |
|
|
|
ШҚО аймақтық семинардың ашылуы салтанаты 2019 жыл |
ШҚО Білім басқармасының «Шығыс өңірлік орталығы» әдіскері |
Тарбағатай аудандық білім беру бөлімінің басшысы |
![]() |
![]() |
![]() |
| Педагогтар: солдан оңға қарай Тусипова Л, Аремжанова Ж, Сабитова З, Камелова А, Жумагулова А, Жанұзақова А, Бердікожанова Ж, Зейделова Б. | Орыс тілі ҰОҚ жетекшісі Шоманова Г.А. | Жаратылыстану ҰОҚ тәрбиеші Жумагулова А.О. |
| Алмагүл Шүренқызы еңбек жолын бастаған күннен елдің қоғамдық және саяси өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысып келеді. 1981 жылдың қазан айынан елдегі сайлау науқанының үгіт-насихатшы жұмысынан учаскелік, округтік сайлау комиссиясының төрайымы қоғамдық міндеттерін атқаруға дейінгі дәрежеге жетті. 1981 жылдан осы күнге дейін Ақжар ауылдық округтік әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық әйелдер қоғамдық ұйымының орынбасары, Ақжар аймақтық әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы қоғамдық міндетін атқарып келеді. | ![]() |
Ақжар ауылдық округі әйелдер кеңесі мүшелерімен кезекті отырыс.
Әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы бола жүріп, қоғам өміріндегі жетім, жартылай- жетім, көпбалалы отбасы, жалғыз басты аналар, мектеп қабырғасындағы қыз балалар, жас отбасылары, жас жұбайлар арасында тәрбиелік, ақыл кеңестік жұмыстардың да жүгін арқалап келеді. Тікелей әйелдер кеңесінің араласуымен шаңырағы шайқалып, ажырасу алдында тұрған отбасыларға өзінің ақыл-кеңесін бере жүріп, сол жандардың жайма-шуақ отбасылық тірліктерін жалғастырып, ел қатарлы өмір сүруіне дәнекер болып келеді. Қаншама үйсіз күйсіз жүрген аналардың баспаналы болуы, сол аналардың алғыс, ілтипат-ризашылығын білдіріп жатқандарына куә болып келеміз.
|
25.05.2016 жылы иесіз бос тұрған аудандық кірістер басқармасының ғимаратын аудан әкімінің Қаулысымен КМҚК «Балауса-Балғын» ясли-бақшаның меншігіне қабылдады. Қабылданған қосымша ғимаратта «Бөбекжай» топтары құрылып, заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткізіліп жабдықталды, онда 08-2 жас аралығындағы сәбилер үшін талапты жағдайы жасалынып, 4 топ ашылды. Осы жылы ШҚО әкімінің орынбасары Ж.Омар және Білім басқарма басшысы А.Е Садықовалардың ықпалымен Өскемен қалалық «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп» кешенімен ынтымақтастықта жұмыс істеу мақсатында ясли-бақшаның базасында «Valeo» зияткерлік-дамытушылық орталығы 04.11.2016 жылдан жұмысын бастады. |
|
![]() |
«Valeo» зияткерлік-дамытушылық орталығына 4-5 жас, 5-6 жастағы балалардан 3 топ қамтылды. Сондай-ақ ата-аналардың сұранысымен 2017 жылдың қаңтар айынан ауыл орталығындағы мектеп бітіруші түлектер үшін репетиторлық-жаттықтырушы орталық ашылды. Орталыққа ауылдық округке қарасты мектептерден қазақ тілі, математика, химия, ағылшын, тілі пәндерінен қосымша дәріс беруге тәжірибелі, білікті ұстаздар шақыртылды. Орталықта «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдау мақсатында 3-5 жас аралығындағы 18 бала ағылшын үйірмесіне қамтылды. Valeo жетекшісі: Камелова А.С. |
2014 жылдың қыркүйек айынан БҰҰ-ның жобасы аясында аудан әкімінің 03.09.2015 жылғы №518 қаулысы негізінде берілген 7,5х28х3,10 жылыжай кешені; 2016ж мамыр айынан екінші жер асты жылыжай қондырғысы ұжымның-ұжымдық қажырлы, берекелі, бірлікті еңбегінің көмегімен балабақша базасында орнатылды.
![]() |
|
| №1 жер үсті жылыжайы | Жылыжай бағбаны Қабдылмаликова Г. |
![]() |
|
| №2 жер асты жылыжайы | Жылыжай бағбаны Мақатова К. |
Бүгінгі күнге жылыжайларда жетінші өнім егіліп, жылыжай өнімдері күнделікті ясли-бақшаның тәрбиеленушілер тамағына пайдаланып, қалған артық өнімдерін ауыл жәрмеңкесінде қол жетімді бағамен сатылуда. Жылыжай құрылысын іске қосу «Туған жерге тағзым» акциясымен ата-ана, ұжым жұмысшы- қызметкерлердің жексенбілік жұмыс қол күштерінің көмегімен орнатылып, іске қосылды.
![]() |
![]() |
| Қызметкерлер жылыжай құрылысын жүргізуде | Ясли-бақша жұмысшы қызметкерлері |
![]() |
![]() |
![]() |
| Оператор Касенов С | Жылыжайдың алғашқы өнімі |
Жылыжай өнімі балалар тағамында тәрбиешінің көмекшісі Тунжамилова С.Ш. солдан оңға қарай Советбекова А, Жұмаділбек Е, Қадылбек Б. |
2017 жылы шілде айында Аудан әкімі О.Д.Тәжібайұлының қолдауымен ясли бақша жанынан «Гүлдер» дүкені ашылып, онда 130-ға тарта тропикалық және сәнді бөлме гүлдерінің түрлері өсіріліп, мерекелік кештерге арналған сый-сияпат букеттері сатыла бастады. Ауданның әрбі елді мекеніндегі мемлекеттік мекемелердің жазғы маусымдық гүлзарлардың безендіруін қамтамассыз етіп отырмыз.
![]() |
![]() |
![]() |
| «Гүлдер» дүкенінің қызметкері Шапатова М. |
«Балапан» тобының тәрбиеленушілері Зейнолдина Бегімай мен Ертуғанның ата-анасы Мамырбеков Т.З. |
Үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашыл басшы Алмагүл Шүренқызы 2019 жылдың маусым айынан мекемеге Ақжар ауылдық округіне қарасты САҒЫНДЫҚ елді мекенінен 1,5 га; ЖАҢАТІЛЕУ елді мекенінен 1,0 га жер тұрақты пайдалану құқығымен бау-бақша, құс өсіру үшін жер телімін заңдастырып ондағы барлық құрылыс жұмыстары мекеменің шаруашылық қаражаты және өз жұмыс күштерімен қоршалып, іске қосылды.
![]() |
![]() |
![]() |
| Сағындық елді мекеніндегі құс фермасы | Қосалқы шаруашылық. 2020 ж картоп егіп, өнім алған уақыт | |
![]() |
![]() |
![]() |
|
Шаруашылықта күзетшілер: Шомбин Д, Қонжанов Т |
Кір жуу операторлары: Қайранбаева Б, Аремжанова Ж | Слесарь-сантехник электрик
Бейсекенов С., Мәжікенов К. |
Мекеме басшысының жаңашыл, қажырлы еңбегі одақтың тараған жылдарынан үзіліссіз жабылмай, халыққа қызмет жасап тұрған сәбилер үйіне сіңірген еңбегі еленбей қалмады.
1996 жылы «ҚР Білім Министрлігінің Республикасының білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.
1999 жылы ШҚО- тық білім департаментінің тамыз маслихатында мектеп жасына дейінгі бөлім бойынша «Нарық жылдарындағы ауыл балалар бақшасының өзін-өзі қаржыландыру» тақырыбында баяндама жасады.
2003 жылы облыстық тамыз маслихатында «Мемлекеттердің әртүрлі әлеуметтік экономикалық хал-ахуал жағдайында ауыл балалар бақшасының тіршілік деңгейі» атты іс – тәжірибе алмасу семинарында баяндама жасады.
2004 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатын алды.
2016 жылдың ақпан айынан аудан әкімі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен, медальмен марапатталды.
2014 жылы «Ұлттық Бизнес Рейтингтер одағы, Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Азербайжан мемлекеттер арасындағы халықаралық деңгейдегі Шығыс Қазақстан облысы бойынша МДББҰ арасынан алтын рейтингісін ұтып алып, «Сала көшбасшысы-2014» алтын медалі және сертификатымен марапатталды.
2012-2014 жылдар аралығында ШҚО Бақылау-тексеру комиссиясының штаттан тыс мүшесі болды.
26.10.2014 жылдан Тарбағатай аудандық маслихатының депутаты қоғамдық міндетін атқарды.
2015 жылы «Ту ұстап тұлпар мінген –Ер-Дәулетбай» медалінің иегері.
2015 жылы ҚР Ұлттық Бизнес Орталығы ұйымдастыру алқасының шешімімен «Қазақстан Экономикасы Данқ Жұлдызы» Орденімен марапатталды.
30.09.2015 жылы ҚР Білім және Ғылым министрі А.Сәріпжановтың «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.
22.03.2016 жылы Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» төс белгісімен марапатталды.
20.08. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша «Тарбағатайдың Алтын Анасы» төсбелгісімен наградталды.
![]() |
05.12. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Солдан оңға қарай аудан әкімі Д.Т.Оразбаев, аудандық аурухана бас дәрігері А.Әштаева, ясли-бақша басшысы Алмагүл Шүренқызы |
![]() |
23.08.2020 жылы Білім және Ғылым министрлігінің ұстаз педагогтарға бала тәрбиелеп оқытуда берілетін ең жоғарғы марапаты «Ыбрай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Солдан оңға қарай: ясли-бақша басшысы Алмагүл Шүренқызы, аудан әкімі Смайлов А.С. |
Бүгінгі күнде бөбекжай мекемесі сәулетті де, сәнді, ауданның үлгілі базалық мекемесіне айналды.
Мекемеде 10 топта 201 бала тәрбиеленіп, 66 жұмысшы қызметкер жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде: 28 кәсіби жоғары білімді жоғары санатты, І санатты педагог мамандар.
![]() |
Балабақша педагогтары аудандық, облыстық, сондай-ақ республикалық қашықтықтан «ZIAT» ғылыми орталығы ұйымдастыратын сайы старға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. Басқа да «Білім», «45 минут», «Еркетай» т.б сайттармен әріптестік қарым-қатынас орнатып, үздік деп бағаланған іс-тәжірибелік жұмыстары көпшілікке ұсынып келеді. Педагогикалық ұжым |
Әрбір тәрбиеленушінің білім алу, даму басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастырып, тәрбиелеуде білім мен біліктілігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде бюджеттен тыс қоғамдық негізде күннің екінші жартысында инновациялық бағытта 12 үйірме жүйелі жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда: «Сиқырлы бояу» сурет үйірмесі, «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі, «Ертегілер елінде» үйірмесі, «Солнечный зайчик» орыс тілі, «Тапқырлар» математика, «Атамұра» сөз өнері, «Толағай» ұлттық ойындар үйірмесі, «Сымбат» шынықтыру-сауықтыру үйірмесі, «Еркетай» ән үйірмесі, «Мұражай», «Би құдіреті», «Балауса» би үйірмелері. Үйірмеге 3 жастан асқан тәрбиеленушілер қамтылған.
![]() |
![]() |
«Ертегілер елінде», «Балауса» би үйірмесінің жетекшісі тәрбиеші: Ляшова А.Е.
Үйірме мүшелері солдан оңға қарай І қатарда Ризабекқызы А,Арыстанбек Д, Қалымбекова Т,
ІІ қатарда Ермек Ә, Бауыржанқызы М, Бейсембина Е, Құрманбекова К.
![]() |
![]() |
«Шебер қолдар» қолөнер үйірме жетекші тәрбиешілер: Зейделова Б.М., Бердіқожанова Ж.Ш.
Үйірме мүшелері солдан оңға қарай: Мырзабекова К, Сейтбекова А, Сайханова А, Мұрат Т, Құрманбекова К, Бейсембина Е, Бауыржанқызы М.
![]() |
![]() |
|
«Солнечный зайчик» үйірмесі жетекшісі тәрбиеші: Ақтайлақова А.И. солдан оңға қарай Мырзабекова К, Сейтбекова А |
«Тапқырлар» математика үйірмесі жетекшісі солдан оңға қарай Байноллаева Б, Жұмабеков, Арыстанбек Д, Бейсембина Е, Құрманбекова К. |
![]() |
![]() |
|
«Еркетай» ән үйірмесі музыка жетекшісі Ахметова А.З солдан оңға қарай. Нұрбек А, Мырзасадықова А, Бауыржанқызы С, Зиябекова Б, Сайлаш Е, Амангелдина А , Мадияр Ә. |
«Сымбат» спорттық үйірмесі дене шынықтыру нұсқаушысы Шағиева Г.Н. Солдан оңға қарай І қатарда: Азаматқызы І., Мейрамов Б, Тоқтарбек А, Советханова А, Талғатқызы А ІІ қатарда: Қадылбекова И, Бақытханов Н, Алимхан А, Тоқтарбекова Р, Қадылбек Б. |
![]() |
![]() |
|
«Сиқырлы бояу» сурет үйірмесі жетекшілері тәрбиеші Асылғазина А, Қажаева И, Солдан оңға қарай: Әмелбек Е, Талғатұлы А, Мырзабекова К, Манар А, Сұлтанқызы Ә, Бейсембин Е, Жұмашева Ш, Сержанұлы Қ, Ермек Ә. |
Тәрбиеші Қажаева И.К Тәрбиеленуші Тілеуберген Е.Б. |
![]() |
![]() |
|
«Мұражай» ұлттық үйірмесі жетекшісі тәрбиеші Тлебалдина М Солдан оңға қарай Сейтхамзина , Советбекова А, Шайзада К |
«Толағай» ұлттық ойындар үйірмесі үйірме жетекшілері Амирбекова А, Қарабаева Б. |
Бала – біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін , ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім мен тәрбие алуын қамтамассыз ететін негізгі бағдарламамен бірге атқарылатын білім үрдісі. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының бағдарламалық мақсатты негізгі талабының бірі -инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқап, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштау,баланы психологиялық-педагогикалық қолдау, тең құқылы тұлға етіп тәрбиелеп шығару басты міндетіміз. Осы бағытта психологиялық кабинетте арнайы жоспарлы жеке баламен жұмыстар атқарылуда.
![]() |
![]() |
|
«Арт-терапия». Педагог –психолог Шомбинова С.Б Тәрбиеленушілер: Талғатұлы А, Қабдығалымов И. |
Жеке баламен дамушы ойын Тәрбиеленуші Бертаев Ә |
Жоғарғы талғаммен безендіріліп, аббатандырылған, іші-сырты көздің жауын алатын гүлзарларға толы бақша үйі келген меймандардың таңдайын қақтырмай қоймасы анық, Игі істерді көріп шаттанып, құтты бір демалыс орнына келгендей сезімдегі күй кешеріңіз ғажап!
Бақша ұжымының әлі де атқаратын межелі жұмыстары көп, болашаққа сәттілік тілейміз!












































