| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Психологтың жылдық жұмыс жоспары |
Ата - аналарға кеңес
https://sad-balausa.tarb-raioon.edugov.kz/kz/pedagog-psy-balausa.html#sigFreeId474190604d
Тәрбиешінің көмекшілері және аспазшыларға арналған
«Біз бір ұжымбыз» тренингі
Тренинг мақсаты:
Тренингке қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір - бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу. Тұлғаның өзін ортада көрсете білу, өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау. Ұжымдық сыйластықты арттыру, эмоционалды көңіл - күйлерін көтеру.
Дәйек сөз
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым - қатынасы.
А. Линкольн
Тренинг ережесі
- Белсенді болыңыз
- Өзіңізді еркін ұстаңыз
- Бірігіп топпен жұмыс жасаңыз
- Өз ойыңызды еркін жеткізіңіз
- Бір біріңізді тыңдаңыз
Қайырлы күн құрметті ұжым мүшелері! Бүгінгі «Біз бір ұжымбыз» атты тренингке қош келдіңіздер! Тренинг бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Тренинг бағдарламасы:
- Қатысушыларды қарсы алу (нейрожаттығу)
- Топқа бөлу (Жүрек жылуы, Күн шуағы)
- Танысу жаттығуы
- «Кім жылдам?» сұрақ жауап
- Сергіту (Ақпарақ оркестрі)
- «Білесіздер, білмейсіздер?» ойыны
- «Адам, жер және қоғам» жаттығуы
- «Сапқа тұр» ойыны
- «Жылдам оқы және жаса» ойыны
- «Құшақта» ойыны
- «Көршіме хат» жаттығуы
- «Инстаграм» әдісімен кері байланыс
Танысу жаттығуы
Қатысушылар бір-бірін жақсы тануы үшін қызықты танысу түрін ұсынамын. Қатысушылар поезд секілді бірінің артына бір тұрып, соңғы қатысушыны өзіне қаратып,
Мен атым Сауле, мен осындай іс қимылды жақсы көремін деп келесі адамға көрсетеді.Келесі адам, дәл солай қайталап, Оның аты Сауле, ол осындай іс қимылды жақсы көреді,менің атым Салтанат, мен осындай іс қимылды жақсы көремін деп келесі адамға көрсетеді
«Кім жылдам ?» ойыны Сұрақ-жауап
Қатысушылар атқаратын қызметі бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сергіту жаттығуы («Ақ парақ» оркестрі)
«Білесіздер, білмейсіздер?» ойыны
Қатысушылар өзі туралы мәлімет бере отырып, ұжымға беймәлім қырын ашады. Мысалы: сіздер менің психолог екенімді білесіздер, ал менің мектепке қызылға бітіргенімді білмейсіздер
«Адам, Жер және Қоғам» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушыларды қозғалысқа тартып, сергектік орнату, топ ішінде бір-біріне сенімділік пен ұжымдық байланысты арттыру. Қозғалыстарды үйлестіре отырып, тыңдау және жылдам әрекет ету қабілеттерін дамыту.
барысы: Қатысушылар шеңбер бойына пойыз секілді тұрады.
Жүргізуші үш түрлі сөзді айтады, және әрқайсысына сәйкес қатысушылар белгілі бір әрекеттерді орындайды:
"Адам" дегенде - алға бір қадам секіреді.
"Қоғам" дегенде - артқа бір қадам секіреді.
"Жер" дегенде - бір-бірімен орын ауыстырып, пойыз секілді қайта шеңбер құрайды.
«Сапқа тұр» ойыны
Мақсаты: ұжымда бірлік пен өзара қолдауды нығайту, әрбір адамның өзіндік ерекшелігін бағалауға бағыттау. Тапсырмалар ойын түрінде беріліп, қатысушылардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, көңіл-күйін көтереді.
Тапсырмалар:
Бойымыздың ұзындығы бойынша сапқа тұрамыз.
Жасымыз бойынша сапқа тұрамыз.
Туған айымыз бойынша сапқа тұрамыз.
Есіміміздегі әріп санына байланысты сапқа тұрамыз (мысалы, Аяужан - 7 әріп; кімнің есімінде әріп көп болса, сол бірінші тұрады).
Осы қызметтегі еңбек өтілі бойынша сапқа тұрамыз.
Кім өзін ең әдемі санайды, сол бойынша сапқа тұрамыз.
Кім өзін ақылды деп санайды, сол бойынша сапқа тұрамыз.
«Жылдам оқы және жаса» жаттығуы
Мақсаты:Қатысушылардың жылдам әрекет ету, назар аудару қабілеттерін дамыту, топ ішінде өзара қарым-қатынасты күшейтіп, көңілді атмосфера орнату. Шапшаңдық пен зейінділікке баулу арқылы ұжымдық жұмысқа бейімделу, сенім орнату және қатысушылардың көңіл-күйін көтеру.
Барысы: Жүргізуші қатысушыларға жаттығуды орындауға 30 секунд уақыт бар екенін айтып, әр қадамды кезек-кезек ұсынады. Жаттығу барысында сұрақтар қойылады және тапсырмалар орындалады.
«Құшақта» ойыны
Мақсаты: ұжымдық қарым қатынасты нығайту. Ұжым мүшелеріне таратылған карточкада жазылған қасиеттерге сәйкес деп ойлаған қызметкерді құшақтайды.
«Көршіме хат!» жаттығуы
Мақсаты: топ ішіндегі сыйластықты, ауызбіршілікті арттыру
Шарты: Тәрбиешінің көмекшілер өз тобындағы тәрбиешілерге арнап мақтау сөздермен ашық хат жолдайды.
Кері байланыс
Тренингке қатысушылар «Инстаграм» әдісі бойынша тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Қорытынды
Құрметті тренингке қатысушылар бүгінгі тренингке белсенділікпен қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
https://sad-balausa.tarb-raioon.edugov.kz/kz/pedagog-psy-balausa.html#sigFreeIdd91a17959c
КМҚК «Балауса Балғын» бөбекжайы» педагог-психологы
Шомбинова Сауле Бакытбековна
СЕМИНАР - ТРЕНИНГ
Тақырыбы: “Ойын - жетекші іс - әрекет, балаларды дамытудың негізгі құралы»
Дәйек сөз: «.....Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса
Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса»
Халық даналығы
Семинар - тренингтің мақсаты:
Заманға лайық мектепке дейінгі ұйым педагог жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу. Өзара тәжірибе алмасу. Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл - күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.
Көрнекіліктер: слайд, маркер, АЗ парақтар, сюжеттік ойындар құралдары, шарлар, футбол алаңы.
Әдіс тәсілдер: шаттық шеңбері, топқа бөлу (QR код арқылы), баяндама, миға шабуыл,постер қорғау, пікір алмасу, Джиксо әдісі, сюжетті ойындар, Шеринг әдісі, сергіту, релаксация, рефлексия.
Кіріспе: Қайырлы күн құрметті әріптестер бүгінгі семинар - тренингке қош келдіңіздер! Қазіргі кезеңде креативті, шығармашыл, жаңашыл маман болу әрқайсымыздың басты міндетіміз. Бүгінгі семинар - тренингтен тың ақпараттар алып, өзара тәжірибе алмасамыз деген сенімдеміз. Олай болса семинар - тренингті бастауға рұқсат етіңіздер!
Тренингтің алтын ережесі
- Ойымызды ашық айтамыз;
- Бір - бірімізді тыңдаймыз;
- Кезекпен сөйлейміз;
- Белсенді қатысу;
- Бір - бірімізге сый көрсету.
Семинар - тренинг бағдарламасы:
- Кіріспе. Сәлемдесу
- Топқа бөлу (QR код арқылы)
- Теориялық бөлім. Баяндама “Мектеп жасына дейінгі балаларды толыққанды дамыту”. Әдіскер Сабитова З.А.
- Миға шабуыл (сұрақтар)
- Іс - тәжірибе бөлімі. Постер қорғау (кіріктірілген ойын әрекеттері)
- Пікір алмасу (Джиксо әдісімен)
- QR код әдісін тәжірибеде қолдану
- “Ойын көрсет” жаттығуы (сюжетті ойындар)
- Ой бөлісу (Шеринг әдісімен)
- “Футбол” ойыны. Сергіту
- Релаксация “Әріптесіңді танисың ба?”
- “Майшам гүлі” жаттығуы. Рефлексия.
- Қортынды
І. «Сәлемдесу”
Мақсаты: тренингке қатысушылармен амандасу
Шарты: Мен алақанымды соғамын, сіздер бір - біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, мұрындарыңызбен амандасыздар. Мен сылдырмақты соғамын, арқаларыңызды сипайсыздар.
- Ұзақ уақыт бір - бірін көрмеген достар сияқты
- бір - бірімен ұрысып қалған адамдар сияқты
- басшымен жұмысшы сияқты
- анасы мен баласы сияқты
- Тәрбиеші мен тәрбиеленуші сияқты
ІІ. Топқа бөлу (QR код арқылы)
І топ - Қызыл түсті
ІІ топ - Көк түсті
ІІІ топ - Сары түсті
ІҮ топ - Күлгін түсті
ІІІ. Теориялық бөлім.
БАЯНДАМА Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды толыққанды дамыту» Әдіскер: Сабитова З.А.
ІҮ. Миға шабуыл (психологиялық сұрақтар)
Ү. Іс - тәжірибе бөлімі. Постер қорғау
1 - топ (қызыл) - ”Жыл мезгілдері”
2 - топ(көк) - ”Жануарлар әлемі”
3 - топ (сары) - ”Ұлттық тәрбие”
4 - топ (күлгін) - ”Ертегілер елінде”
Шарты: Топтар тапсырма бойынша кіріктірілген ойын әрекеттерін құрастыруы керек.
ҮІ. Пікір алмасу «Джигсо» әдісі бойынша
Шарты: Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.
ҮІІ. QR код әдісін іс - тәжірибеде қолдану
- Гугл парақшасынан генератор QR код командасын орындау:
- Текст немесе қажетті ссылканы қою;
- Создат код командасын орындау;
- Дайын болған QR кодты қажет орынға көшіру;
- Сканер QR программасымен көре аламыз:
ҮІІІ. «Ойын көрсет» жаттығуы (сюжетті ойын көрсету)
1 - топ (қызыл) - шаштараз
2 - топ(көк) - дәрігер
3 - топ (сары) - аспазшы
4 - топ (күлгін) - дүкенші
ІХ. Ой бөлісу Шеринг әдісімен
Шарты: Педагогтар шеңбер бойымен өз іс тәжірибелерінен ой бөліседі
Х. Сергіту «Футбол» ойыны
Шарты: футбол алаңының сызбасы бар материалдағы арнайы орынға допты топпен түсіру қажет
ХІ. Релаксация
Шарты: “Әріптесіңді танисың ба?” Шарты: Бір әріптесінің аты жазылған қағазды алып, сол адамның атын айтпай сипаттап пародия келтіреді, ал басқа әріптестері оның кім екенін табуы керек.
ХІІ. “Майшам гүлі” жаттығуы Рефлексия
ХІ. Қортынды
Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін!
Барлықтарыңызға үлкен рахмет! Семинар - тренинг аяқталды!
https://sad-balausa.tarb-raioon.edugov.kz/kz/pedagog-psy-balausa.html#sigFreeIda8b8790934
Әдіскер: Сабитова З.А.
Педагог - психолог: Шомбинова С.Б.
