06 Маус 2023
Новости KZ КГКП Ясли-сад "Балауса-Балғын"

Қауіпсіздік 1 маусым

 1 - маусым балаларды қорғау күніне орай КМҚК «Балауса - Балғын» бөбекжайында Тарбағатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған «Балдәурен» /4-5 жас/ ересек тобы тәрбиеленушілерімен «Қауіпсіз балалық шақ!» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Тәрбие сағатына Тарбағатай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Қуанғанов Елдос Қуанғанұлы, сержант, бөлімше командирі Қожахметов Дамир Манарбекұлы, аға инженер Армиянов Дарын Бауыржанұлы, кіші сержант Ермекұлы Мейіржан қатысып, төтенше жағдайға байланысты сурет байқауын ұйымдастырды. Байқау жеңімпаздары:

Бөкенова Айкөркем Бауыржанқызы - 1 орын, Жұмабеков Ералы Ерболатұлы - 2 орын

Мұхаметбек Інжу Дастанқызы - 3 орынмен марапатталып, сыйлықтар берілді.

Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға жауапты маман Ляшова А.Е, тәрбиешілер Байсолтанова А.Қ, Асылғазина А.Қ.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар